Анама, ағам мен әпкеме біздің жақсы екенімізді жеткіздіңіз ба?
Танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы желідегі парақшасында әкесіне жазба арнады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Марқұм әкесінің дүниеден өткеніне бір жыл толған.
"Әке, ол жақтағы халіңіз жақсы ма? Анама, ағам мен әпкеме біздің жақсы екенімізді жеткіздіңіз ба? Ата-анаңызбен бауырларыңызға бұл жақтпғыдай қомқор болып жүрген шығарсыз. Раббыңыз сізге сондай мүмкіндіктер берді ма екен? Сіз Раббыңызға қайқан таңда Динара қызыңыз . түс көріпті.Түсінде анамыз аппақ киіммен күлімсіреп қолында бір кесе кеспе көжесін алып, “ әкең келе жатыр ғой “ .. деген екен. Бихантайдың да көрген түсі сіздің жайыңыздың жұмақтан болғанын білдіргендей.. сізді “ Мекке Мединадан көріпті түсінде “ Бұл не деген сезім мен адалдық. Осы тылсымда сиқырлы сезім сіздердің бір-бірлеріңізге деген адалдықтың сағыныш пен мазаббаттың мәңлік екенін ұқтырғандай болды. Әке, кемпіріңіздің кеспе көжесіне жетіп мейіріңіз қанғанша ішкен боларсыз. … Сіздерді жұмақта жұп болып бірге болса екен деп тілеймін Жаратқаннан. Бақұл болыңыздар! Әке сіз кеткелі 1 жылдың жүзі болған екен. Анам кеткелі 25 жыл. Мәңлік өмірлеріңізге кеткелі мәңлік сағынышыма айналдыңыздар! Бүгін қара шаңрағыңызда сіздерге арнап ас беріп жатырмыз, сіздерге құран бағыштағалы ағайын ауыл аймақты, құда-жегжат туысқандарды, сіздің көзіңізді көріп батаңызды алған бауырларыңыз бен балаларыңызды жинап жатырмыз", - деп жазды ол.