$ 473.59  544.68  5.94

«Тұрмысқа шығайыншы деген өзім»: Алтынай Жорабаеваның қызы неге ерте ұзатылғанын айтты

"Сақинаны да өзім таңдап алдым". 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Әнші Алтынай Жорабаеваның қызы ұзату тойында берген сұхбатында болашақ жары және жеке өмірі туралы сыр шертті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, тұрмысқа шығу туралы шешімді өзі алғаш болып көтерген.

«Екеуміздің танысқанымызға екі жыл болды. Бір күні өзім "қашан үйленеміз?" деп сұрадым. Жолдасымның екі әпкесі де тұрмыста, соларға қарап мен де отбасын құрғым келді», – дейді ол.

Сондай-ақ, ол тосынсыйларды ұнатпайтынын айтып, неке сақинасын да өзі таңдағанын жасырмады.

«Маған тосынсый ұнамайды. Сондықтан сақинаны да өзім таңдап алдым. Ұнамай қалса, жылап, ренжіп қалуым мүмкін. Мінезім сондай», – деді қалыңдық.

Жас жұбайлардың таныстығы ортақ достары арқылы басталған. Оның сөзінше, олар алғаш кездескен сәттен-ақ бір-біріне ерекше ықылас танытқан.

Болашақ жары заң колледжін тәмамдап, қазіргі таңда жоғары оқу орнында білім алып жүр. Отбасында бес бала тәрбиеленген, ал өзі – ортаншы ұл.

Сұхбат барысында ол үйленгеннен кейінгі жоспарын да бөлісті. Айтуынша, ерлі-зайыптылар алғашқы жарты жыл бойы ата-анасымен бірге тұрады. Сонымен қатар, күйеу жігіттің туған жері Қордай болғандықтан, тойға дейін сол жақта болатынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0