$ 473.59  544.68  5.94

«Жас жұбайлардың үстелінде темекі шегіп отыр»: Атышулы асабаның тағы бір былығы әшкере болды

Айта кету керек, бұл тамаданың төңірегіндегі алғашқы дау емес.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Әлеуметтік желіде кезекті тойда түсірілген даулы видео тарап, көпшіліктің ашу-ызасын тудырды. Бұл жолы елдің сынына Сабыржан Түзелбаев асабаның шектен шыққан бейәдеп әрекеті ілікті, деп хабарлайды sn.kz ақпарат порталы.

Тараған кадрлардан тамаданың бейқам күйде жас жұбайлардың үстеліне жайғасып алып, электронды темекі (вейп) шегіп отырғанын көруге болады. Тойдың көркі мен сәнін келтірудің орнына, ортаны сасытып, салтанатты сәттің шырқын бұзған асабаның бұл қылығы желі қолданушыларының ашуын келтірді.

Видеоның астында пікір қалдырған жұрт тамаданың мәдениетсіздігін жерден алып, жерге салды:

  • «Мынау мүлде басқа шықты ғой, жастардың есте қалар күнін быт-шытын шығарды!»
  • «Бұған қашан айыппұл салынады? Қоғамдық орында, іс-шарада мұнысы несі?»

Айта кету керек, бұл тамаданың төңірегіндегі алғашқы дау емес. Бұған дейін де ол өзінің ерсі, әдепсіз әзілдерімен және шектен шыққан қылықтарымен елдің сынына ұшыраған болатын.Дегенмен, бұл жолғы бейәдеп әрекеті көпшіліктің шыдамын тауысқан сияқты. Енді желі қолданушылары бұзақылық жасаған асабаның жауапкершілікке тартылуын талап етіп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0