08.08.2026, 15:30

«Елубай дүниеге келді»: Өзінен 25 жас кіші қыз алған әзілкеш сүйінші сұрады

Коллаж: SN.kz

"Отбасым толықты".

Танымал әзілкеш Қажет Смағұл желідегі парақшасында сүйінші жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі әке атанды. 

"50- де балалы болған керемет екен! Отбасым толықты. Негатив жазбаңыздар", - деп жазды ол. 

Оқырмандар құттықтап, тілектерін жазды. 

Айта кетейік, әзілкеш әрі актер Қажет Смағұл осыдан бірнеше уақыт бұрын өзінен 25 жас кіші қызға үйленген.