Өнер иесі қызы Мерейді де ала барған.
Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің қазасынан кейін алғаш рет Кегенге барды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Өнер иесі қызы Мерейді де ала барған.
Заманбек Нұрқаділовтің музейіне ат басын бұрып, аралады.
Мақпал Жүнісованың марқұм күйеуін еске алып, ұзақ тұрғанын да байқауға болады.
Қолтаңбасын, тілегін қалдырды. Кеген ауданының жұртшылығымен кездесті.
Әншіге арнайы құрмет көрсетіліп, дастарған жайылған.
Сый-сыяпаттарын да табыстап, алғыстарын білдірді.