10.08.2026, 01:30

«Масқара ғой!»: Жанар Айжанованың күйеу баласына ұрысып жатқан жазбасы тарады (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Желі қолданушылары да алаңдаушылық танытатындарын айтып әншіні қолдады. 

Қазақ эстрадасының әншісі Жанар Айжанованың күйеу баласына арнаған хабарламасы елді сүйсіндірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жанар Айжанованың күйеу баласы әлеуметтік желіге енесінің хабарламасын жариялады. Бейнежазба да Сәкен Қағаров таудағы тастарда, қауіпті аймақта секірген. 

«Әйй, Сәкен балам басқа жер таппадың ба? Анауың не? Екі тастың ортасында, онымен қоса секіресің, ана тас құлап кетсе не істейсің? Масқара ғой мынау. Жүрегім ауырып отыр»- деді, Жанар Айжанова. 

Қазақстандық экстремал спортшы Сәкен Қағаров енесінің қамқорлығы мен алаңдаушылығына жауап берді. 

«Кешірші,мама»- деді, спортшы. 

Желі қолданушылары да алаңдаушылық танытатындарын айтып әншіні қолдады.