10.08.2026, 10:40

«Адал болған сайын қадірсіз боласың»: Жұлдыз Әбдікәрімова күтпеген жазба жариялады

Коллаж: Sn.kz

"Кейде бақытты болуға тырысқаны үшін ұятты болады". 

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында әйел тағдыры мен ана махаббаты туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі Алматы көрерменіне ризашылығын білдіріп, әйел баласының өмірінде кездесетін түрлі сынақтар мен қиын таңдаулар жайлы жазба жариялаған.

Актрисаның сөзінше, әйел кейде сүйгені, адалдығы және өз өмірін өзгертуге талпынғаны үшін де қоғамның сынына ұшырайды. Ал кей жағдайда ана жүрегі өзгенің баласын қабылдап, оған мейірім танытқаны үшін де қиын таңдау жасауға мәжбүр болады.

«Алматы көрермені, мың алғыс! Кейде әйел сүйгені үшін, түсінгені үшін, адал болғаны үшін жазаланады. Кейде ана жүрек өзгенің баласын өзімдей көріп, бауырына басқаны үшін таңдау құрбандығына шалынады. Кейде өз өмірін ретке келтіруге тырысқаны үшін жапа шегеді. Кейде бақытты болуға тырысқаны үшін ұятты болады. Осының ішінде бір анығы болса ол – әйел ешқашан ана болудан бас тарта алмайды», – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Актриса өз жазбасында әйелдің қоғамдағы орнына тоқталып, оның ана ретіндегі болмысына ерекше назар аударған. Оның пікірінше, өмірде қандай жағдай орын алса да, аналық сезім мен балаға деген махаббат әйел жүрегінде ерекше орын алады.

Жұлдыз Әбдікәрімованың бұл жазбасы оқырман назарын әйелдің жеке таңдауы, махаббаты, қоғамның пікірі және ана жауапкершілігі тақырыптарына аударды.