"Қызымыздың бауы берік, дені сау, ғұмыры ұзақ болсын!"
Танымал әнші Асан Пердешов желідегі парақшасында сүйінші хабармен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі төртінші рет әке атанды.
Дүниеге қыз бала келген.
"Алланың қалауымен бүгін отбасымызға тағы бір үлкен қуаныш келді. Төртінші перзентіміз, көптен күткен қызымыз дүниеге келді. Шүкір, Алла бізге тағы бір аманатты нәсіп етті. Қызымыздың бауы берік, дені сау, ғұмыры ұзақ болсын! Жүрегі иманға, жүзі нұрға, өмірі қуанышқа толы болсын", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары әншіні құттықтап, тілектерін білдірді.