$ 466.08  538.56  5.65

«Өсек айтады екенсіз»: Ләйлә Сұлтанқызының той туралы жазбасы жұртты шулатты

Ол қайын інісінің екінші рет шаңырақ көтергенін айтып, тойдың қалай өткенін бөлісті.

Фото: Инстаграм
Фото: Инстаграм

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында әулетіндегі той туралы жазып, оқырмандардың қызу талқысына қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол қайын інісінің екінші рет шаңырақ көтергенін айтып, тойдың қалай өткенін бөлісті.

«Кеше қайын інім 2-ші рет үйленді, бірінші әйелімен 10-шақты жыл бұрын ажырасқан болатын. Әп-әдемі, жағдайы бар жігіт. Келін де керемет. Тойға туыстардың ішінен ең жақындарын ғана шақырды. Нағыз жастардың тойы болды. Кеткіміз келмей отырдық. Еркін формат, ойындары да өте қызық болды. Әзімбек (Алашұлы тобы) пен Мұхамед Жанов мықты тандем екен. Тамада іздесеңіздер, кеңес берем», – деді ол.

Ләйлә Сұлтанқызының бұл жазбасы әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды. Кейбір оқырман оның қайын інісінің бұрын ажырасқанын атап өткенін артық деп санап, пікір білдірді.

«Өсекті де грамотно, тактично айтады екенсіз», «Қызық-қызық екенсіз, Ләйлә әпке», «Содан? Келін құтты болсын. Өсекті жібереді екенсіз», – деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0