"2024 жылдың 2 ақпанында ұсыныс жасады".
Актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева жұбайымен шаңырақ көтергеніне екі жыл толғанын атап өтті. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуі екеуінің ерекше сәтті еске алғанын көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Осыдан екі жыл бұрын Айгүл Иманбаеваның жары АҚШ-та, Тынық мұхитының жағалауында оған үйленуге ұсыныс жасаған. Ерлі-зайыпты сол жерге қайта барып, сол күнді еске түсірген.
«Жаным, мына жер есіңде ме? Осы жерде саған ұсыныс жасаған едім», – деп сұрады актрисаның жолдасы.
Айгүл Иманбаева сол сәттің барлық деталі әлі есінде екенін айтты. Оның сөзінше, ұсыныс дәл осы жағалауда, маяк пен мұхиттың жанында жасалған.
«Иә, есімде. Дәл осы Тынық мұхитының жағасында, дәл осы біз тұрған жерде екі жыл бұрын менің жаным маған тұрмысқа шық деп ұсыныс жасады. Ана жерде маяк, мына жерде Тынық мұхиты, толқын. Дәл осылай самал жел есіп тұрған. Күн де дәл осылай жарқырап тұрды. 2024 жылдың 2 ақпанында ұсыныс жасады. 23 ақпанда Беверли-Хиллс ауданында әкімшілікте қол қойдық. Ал 8 наурызда Палисейдстегі мешітте неке қидырдық. Уақыт қалай тез өтіп жатыр», – деді өнер иесі.