12.08.2026, 12:40

«Арам ойым болған жоқ»: Мейіржан Төребаев алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО)

Сұхбат барысында ол қаржы пирамидасына ақша салған азаматтардан кешірім сұрады.

2023 жылы Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша бес жылға бас бостандығынан айырылған вайнер Мейіржан Төребаев алғаш рет Майя Бекбаеваға сұхбат берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Сұхбат барысында ол қаржы пирамидасына ақша салған азаматтардан кешірім сұрады. Вайнер өзінің бұл іске қатысты жаман ниеті болмағанын айтты.

«Мен салымшылардан шын жүректен кешірім сұраймын. Мен жарыссөзде де кешірім сұрағам. Қазір де сұрағым келеді. Арам ойым болған жоқ, осылай болғаны өте өкінішті. Сену, сенбеу сіздердің еркілеріңіз», – деді ол.

Төребаев сондай-ақ бас бостандығынан айырылған кезеңде өзіне ең ауыр тиген жағдайды айтып берді.

«Анам арбаға таңылды. Сол кезде менің денім сау бола тұра, ақыл-есім дұрыс бола тұра отбасыма көмектесе алмағаным жаныма батты. Ең қиыны сол болды», – деді вайнер.