$ 465.08  536.52  5.56

«Сабыр керек»: Жазира Байырбекова ене болудың қиындығы туралы айтты (ВИДЕО)

Жазбаның астына оқырмандар да өз тәжірибелерімен бөлісіп, Жазира Байырбековаға түрлі кеңес қалдырды.

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Танымал әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында ене болудың оңай емес екенін айтып, оқырмандарынан кеңес сұрады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Ене болу қалай екен? – дейсіздер. Ене қандай болу керек екенін ене болғанда айтамын дейтінмін. Қазір де нақты айта алмаймын.

Маған енеден гөрі ана болу оңайырақ әрі жеңіл сияқты. Жас енелерге лайфхак: ене бола алмай, қалай ене болам деп жатсаңыздар, жай ғана «Мама» бола салыңыздар. Жеңіл болады.

Осында ене болған аналар болса, кеңестеріңізді жаза отырыңыздар!» – деп жазды әнші.

Жазбаның астына оқырмандар да өз тәжірибелерімен бөлісіп, Жазира Байырбековаға түрлі кеңес қалдырды.

«Бәріне көз жұмып, өзің істеп жүре бересің», «Сабыр керек», «Саналы келін өзі-ақ алып кетеді», «Сен ене емес, ана болу үшін ол да анасындай көру керек», – деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0