16.08.2026, 03:30

«Құны 990 теңге»: Танымал тележүргізуші үйлену тойын тікелей эфирде ақылы түрде өткізбек

Фото: Әлеуметтік желіден

“Қалаулым” жобасын жүргізу арқылы танылған Диана Скатова үйлену тойын 30 тамыз күні өткізбекші. Той онлайн трансляцияда көрсетілмек. Онлайн көру бағасы 990 теңге тұрады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алдымен көрермен Telegram-бот арқылы төлем жасап, түбіртегін модераторға жіберуі керек. Төлем расталған соң, жабық Telegram-арнаға кіруге арналған сілтеме беріледі.