16.08.2026, 12:30

«Боратсың»: Еркебұлан Тоқтар жаңа киім үлгісімен сынның астында қалды (ФОТО)

Коллаж: Sn.kz

Әлеуметтік желі қолданушылары каскадердың бұл образын сынға алды. 

Қазақстандық актер, каскадер және кәсіби ММА файтері Еркебұлан Тоқтар жаңа киім үлгісімен сынға қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Актер әлеуметтік желі парақшасында вело - спорт киімімен түскен суретін жариялады. 

Әлеуметтік желі қолданушылары каскадердың бұл образын сынға алды. 

«Точно велик айдайтын киім ба?», «Көлік жуушы Иван болып тұр», «Шығармайтының жоқ», «Точно мужской киім ба?», «Боратқа ұқсадың», «Сақал қойсаң біреуге ұқсайсың», «Мынауың болмады», «Боратсың», «Бораттың киіміне ұқсай ма?», «Дүниемен көп мақтанып кеттің», «Өз өзіңді позор қылдың», «Саған киімді алдап сатып жіберді», «Шынымен күлкілісің» - деді, көпшілік.