$ 464.02  536.18  5.54

«Ташкентте өмірім өткен»: Әнші Әбдіжаппар Әлқожа күтпеген жаңалықпен бөлісті (ВИДЕО)

Әнші бұл әрекеті арқылы көрші елге деген құрметін білдіргісі келгенін жазды.

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Қазақ эстрадасының танымал әншісі Әбдіжаппар Әлқожа ауылдағы концерттердің бірінде ақ жаулықты анаға ән арнап, көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі сахнада өзбек тілінде ән орындап, бұл сәтті әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Әнші бұл әрекеті арқылы көрші елге деген құрметін білдіргісі келгенін жазды.

«Мені Өзбек дейтіндер ал енді жазыңдар жандарың кіріп. Ақжаулықты ана ұлттық шапан жауып тұрған соң! Сол елге ән арқылы құрметім болсын деген ниетім болды. Ән дегенді бір екі тыңдасам жаттап алатын қабілетім бүгін өз орнында пайдасын берді. Оның үстіне мен жасырмай айтамынғой 5-жыл Ташкентте өмірім өткен больницамен. Өзім шекарада өскен баламын. Жетісай, Шардара жолындағы(Амангелді ауылында). Бұл бір өзім үшін қызық импровизация болды. Музыканттарым бірден қосыла кетіп дайындалған әндерден жақсы ойнап кеткені ше?» – деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншінің бұл бастамасына оң бағасын беріп, жылы лебіздерін білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0