Бұл мемлекеттік марапат емес.
Қазақ әзіл-оспақ өнерінің көрнекті өкілі, танымал актер Жүсіп Ақшораға «Халықтың сүйікті әртісі» медалі табысталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Айта кетейік, бұл мемлекеттік марапат емес. Медальді «Intelligentno Qu» жобасы аясында жас әзілкештер мен қазақ тіліндегі контент авторлары арнайы ұйымдастырып, актерге табыстаған.
Ұйымдастырушылар Жүсіп Ақшораның отандық әзіл-сықақ пен сахна өнерінің дамуына қосқан еңбегін жоғары бағалап, халықтың атынан арнайы медаль мен куәлік әзірлеген. Сонымен қатар өнер иесіне қазақы дәстүрге сай ақ шапан жапқан.
Өз кезегінде Жүсіп Ақшора жас әріптестерінің ықыласына ризашылығын білдірді. Актер өнердегі сабақтастық пен аға буынға көрсетілетін құрметтің маңызын атап өтті.