$ 464.02  536.18  5.54

Канье Уэст енді Ресейде алғаш рет концерт бермек

Ұйымдастырушы «Сэй Эдженси» компаниясының өкілдері рэпердің 10 және 11 қазан күндері «Газпром Арена» стадионында өнер көрсететінін мәлімдеді

Фото: Жасанды интеллект
Фото: Жасанды интеллект

Америкалық рэпер әрі продюсер Канье Уэст мансабында алғаш рет Ресейде ресми концерт бермек. Өнер иесі биыл күзде Санкт-Петербург қаласында екі рет сахнаға шығады, деп хабарлайды жергілікті ақпарат құралдары, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ұйымдастырушы «Сэй Эдженси» компаниясының өкілдері рэпердің 10 және 11 қазан күндері «Газпром Арена» стадионында өнер көрсететінін мәлімдеді.

Бұған дейін Канье Уэстің Ресейге гастрольдік сапармен келуі мүмкін екені туралы ақпарат бірнеше рет тараған. Алайда концерттің нақты күні мен өтетін орны енді ғана ресми түрде жарияланды. Билет сатылымының басталу уақыты мен бағасы кейінірек белгілі болады.

Канье Уэстің Ресейдегі концерттері оның Қазақстандағы шоуынан кейін өтпек. 15 тамызда рэпер Алматыдағы Орталық стадионда YE TOUR 2026 әлемдік турнесі аясында өнер көрсетті.

Алматыдағы концерт бастапқыда 14 тамызға жоспарланған еді. Алайда нөсер жаңбыр мен қауіпсіздік талаптарына байланысты шоу бір күнге шегеріліп, 15 тамызда өтті.

Қазақстандағы концерт Канье Уэстің өңірдегі алғашқы толыққанды стадиондағы жеке шоуы болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0