Әйелді сабап, соны мақтаныш көретіндер, қай беттеріңмен өздеріңді еркекпін деп жүрсіңдер?!
Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген әйелдерге қол көтеріп, мұны мақтаныш санайтын ер адамдарды сынға алды, деп хабарлайды sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі жазбасында әйелге күш көрсету ер азаматқа тән қасиет емес екенін атап өтті.
«Әйелді сабап, соны мақтаныш көретіндер, қай беттеріңмен өздеріңді еркекпін деп жүрсіңдер?! Жұдырықтарың әйелге ғана жүретін болса, сендер еркек емес, малсыңдар! Әйелге әлімжеттік жасап, абырой жинаймын деу – адамдықтың ең төменгі шегі!» – деп жазды Димаш Құдайберген.