20.08.2026, 01:30

«Шешесіне тартыпты»: Қайрат Нұртастың ұлы биімен сынға қалды (ВИДЕО)

коллаж: Sn.kz

Желі қолданушылары Нарұлдың биіне баға беріп, сырт келбетіне қатысты да түрлі пікір білдірді.

Әнші Қайрат Нұртастың ұлы Нарұл әлеуметтік желідегі видеосымен көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жасөспірім әкесінің «Ей, қарындас» әніне билеп, өз өнерін көрсетті. Желі қолданушылары Нарұлдың биіне баға беріп, сырт келбетіне қатысты да түрлі пікір білдірді.

«Папасы сияқты краш болады», «Жаңа TikTok жұлдызы», «Сымбатты бозбала», «Гүлзираға ұқсайды», «Әкесінен аумайды», «Екі апасын қосып қойғандай», «Копия мамасы мен нағашы атасы», «Осы баласы ғана әдемі мамасына тартқан», «Шешесіне тартыпты», «Дым өнері жоқ», «Әкесінен жұққан ба, қолы бір жерде тұрмайды», – деді көпшілік.