20.08.2026, 13:00

«Бүгін туған күні еді...»: Тамара Асар марқұм өгей ұлын еске алды

Фото: stan.kz

Тамара Асар марқұмның туған күніне орай шелпек пісіріп, Құран бағыштаған.

Танымал әнші Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм болған ұлы Әлішерді еске алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі ұлының туған күні екенін айтып, оған деген сағынышын жеткізді.

«Әлішердің туған күні еді бүгін...», — деп жазды әнші.

Тамара Асар марқұмның туған күніне орай шелпек пісіріп, Құран бағыштаған.

Айта кетейік, әншінің өгей ұлы Әлішер Ақтөбеге тойға барған кезде жол апатына түсіп, қаза тапқан болатын.