21.08.2026, 13:00

«Ерсі көрінеді»: Сәкен Майғазиев пен Зарина Омарға желіде сын айтылды (ВИДЕО)

коллаж: Sn.kz

Зарина Омар кезекті тойдан видео жариялап, оған Сәкен Майғазиевпен бірге түскен кадрларды жүктеген.

Әнші Сәкен Майғазиев пен Зарина Омардың бірге түскен видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшіліктің сынына ұшырады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Зарина Омар кезекті тойдан видео жариялап, оған Сәкен Майғазиевпен бірге түскен кадрларды жүктеген.

«Ұзатылатын адам сияқты...», – деп жазды ол видеосының астында.

Алайда желі қолданушыларының бірі Динара Майғазиеваның киім үлгісін сынға алса, енді бірі Сәкен Майғазиев пен Зарина Омардың қол ұстасқанын ерсі көрген.

«Қыстырылмаитын жері жоқ екен», «Сәкеннің қатыны өмірі бір төгілтіп көйлек кигені көрмеппіз, ылғи алқам-салқам, костюм бірдемелерді киеді енді мынасы тіпті енді, табақ басында не бойы жоқ быртиып ұсқынсыз әйел өзі», «Динара ханым енді Заринадан қызғанып жүрмесін. Мадина демалсын», «Сәкен ағамыз қыз-келіншек десе, сүйегі жоқ сияқты. Жеңгемізді ары тұр деп тастап кеткен сияқты! Ерсі көрінеді не дегенмен. Жан жарымен қол ұстасып жүрген әдемі. Текті еркектер олай жасамайды!», «Зарина, біреудің күйеуіне неге жабысасың қасында әйелі тұрғанды?», «Мадина бітті енді Зарина шықты», – деп жазды желі қолданушылары.