Ролик бір тәулікте 4,5 миллионнан астам қаралым жинаған.
Желіде блогер Ақбота Нұрақынның (Бота Миа) отбасылық зорлық-зомбылық пен қоғамдағы ескірген стереотиптерді сынаған видеосы көпшіліктің назарын аударды,
Ролик бір тәулікте 4,5 миллионнан астам қаралым жинаған.
Видеода «ұзатылған қыз төркініне қайтпауы керек», «үйіне келген қыз – жаман» деген түсініктердің зияны көрсетілген. Автор мұндай стереотиптердің қыз-келіншектерді қиын жағдайға төзуге мәжбүрлейтінін меңзеген.
Блогер бұл роликті Меркіде 19 жастағы Мадина Рашидқызының қайтыс болуына байланысты түсірген.
Еске салайық, Мадинаны күйеуі «Барни» тәттісіне қатысты жанжалдан кейін ұрғаны айтылған. Кейін бойжеткеннің өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады. Қазір аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.