Бұл туралы ол желідегі парақшасында хабарлады.
Желіде танымал Аружан Әбіл атты блогер хиджабын шешті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында хабарлады.
"Иә, көріп тұрғандарыңыздай, мен енді орамалда емеспін Соңғы бір жыл бойы осы ойлармен арпалысып жүріп, ақыры бұл күресте жеңілдім… Ешқалай ақталғым келмейді. Барлығымыз да қателігі мен күнәсі қатар жүретін пендеміз. Алла қайтадан орамалға оралуымды да нәсіп етеді деп сенемін", - деп жазды ол.
Оқырмандардың бір бөлігі оны сынап тастаса, енді бірі қолдап түрлі пікір қалдырды.