25.08.2026, 13:00

«Екінші әйел әперіңдер»: Динара мен Жазираның келіндерімен түскен видеосы талқыға түсті (ВИДЕО)

коллаж: Sn.kz

Ене мен келіндер әзіл аралас тренд түсіріп, көпшіліктің назарын аударды.

Қазақ эстрадасының әншілері Сәкен Майғазиев пен Жанболат Ербатыровтың жұбайлары Динара Майғазиева мен Жазира Байырбекова келіндерімен бірге желіде көңілді видео жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ене мен келіндер әзіл аралас тренд түсіріп, көпшіліктің назарын аударды. Бейнежазбада олар бір үйдің жалғыз келіні болу тақырыбын әзілмен қозғаған.

«Бір үйдің бір ғана келіні болған норм ба, стрем ба?» – деп жазды олар.

Желі қолданушылары ене мен келіндердің өзара сыйластығына, еркін қарым-қатынасына қызығушылық танытты. Кейбірі келіндердің енесіне қатты ұқсайтынын айтып, оларды құрбылардай көрінетінін жазды.

«Жазира ханымның келіні қызы сияқты», «Қандай күшті», «Осындай подружка келін бұйырсын», «Барлық ене мен келін арасы осындай болсын», «Сыйластықтарыңыз мәңгі болсын», «Динара ханымның келіні тура өзі сияқты», «Мен де жалғыз келінмін, плюсы көп», «Тағы біреу әпере ме сонда баласына?», «Екінші әйел әперіңдер күйеулеріңе», – деп жазды көпшілік.