26.08.2026, 03:30

«Нағыз сорлы еркектің тірлігі»: Жеңіс Ысқақова ер адамдарға шүйлікті (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Алайда ол әйел адамның отбасындағы зорлық-зомбылыққа шыдауын дұрыс емес деп санайды.

Танымал әнші Жеңіс Ысқақова сұхбат барысында қазіргі қоғамдағы өзекті тұрмыстық мәселелерге қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің сөзінше, шыдамдылық – жұмыстан шаршап келгенде балаңның еркелігін көтеріп, жарыңа көңіл бөлу сияқты күнделікті отбасылық жауапкершіліктен көрінеді. Алайда ол әйел адамның отбасындағы зорлық-зомбылыққа шыдауын дұрыс емес деп санайды.

«Әйелін балалардың көзінше ұрып-соғу – ер азаматтың емес, нағыз сорлының әрекеті. Мұндай жағдайға әйел адам шыдамауы керек. Бұл жерде ол өзін ғана емес, балаларын да қорғауы қажет», – деді Жеңіс Ысқақова.

Әнші ерлі-зайыптылар арасындағы мәселелерді күш қолданбай, сөзбен шешудің маңызын атап өтіп, ер адамның өз әрекетін бақылауы керектігін айтты.