26.08.2026, 10:40

«Бөліп-жармапты»: Айқын Төлепберген демалысқа қос некесінен туған балаларымен барған

Фото: aikyn/instagram

Елдегі жұмыстарын аяқтаған соң әнші де отбасының қасына барған.

Әнші Айқын Төлепберген жаздың соңғы күндерін отбасымен бірге Түркияда өткізіп жатыр. Шетелге алғашында ата-анасы, жары мен балалары аттанған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Елдегі жұмыстарын аяқтаған соң әнші де отбасының қасына барған.

Қазір өнер иесі балаларымен бірге демалып, ұлы Санжардың туған күнін атап өтіп жүр. Түркиядағы демалысқа Айқынның алғашқы некесінен дүниеге келген балалары да барған. Әлеуметтік желідегі жазбалардан олардың әкесімен бірге уақыт өткізіп жүргенін көруге болады.

Желі қолданушылары әншінің барлық баласын бөліп-жармай, бірге демалысқа алып барғанын ерекше атап өтті. Кейбірі Айқынның бұрынғы сұхбаттарының бірінде әр баласына пәтер алып қойғанын айтқанын еске салды.

Пікірлердің біріне жауап берген әнші жуырда қызы Аруға да үй алып бергенін жеткізді. Осыдан кейін оқырмандардың бірі Айқынға «бес жұлдызды әке» деген баға берді.

Ал кей желі қолданушылары балалардың басын қоспай, барлығына бірдей көңіл бөліп жүрген Жұлдыз Өмірғалидің де отбасындағы ұстанымын жоғары бағалап, оның даналығына сүйсінді.