"Талантты адам барлық жерде талантты".
Танымал әнші Мейрамбек Беспаев көпті таңғалдырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі желідегі парақшасында күтпеген видео жариялады.
Ол майлы бояулармен табиғаттың бейнесін айна-қатесіз салған.
Бұл өнеріне таңданған жұрт түрлі пікір қалдырды.
"Сегіз қырлы, бір сырлы", "Мұндай да өнері бар ма еді", "Таң қалдырдыңыз, керемет", "Талантты адам барлық жерде талантты", "Керемет! Көз тиесін", - деп жазды оқырмандар.