Желіде тараған кадрларда әншінің ата-анасы сахнада ұлымен бірге өнер көрсетіп жүргенін көруге болады.
Танымал әнші Қайрат Нұртастың концерті кезінде сахнаға оның ата-анасы Нұртас Айдарбеков пен Гүлзира Айдарбекова шықты. Алайда желі қолданушыларының назары олардың еркін стильдегі киіміне ауып, видео әлеуметтік желіде қызу талқыланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Желіде тараған кадрларда әншінің ата-анасы сахнада ұлымен бірге өнер көрсетіп жүргенін көруге болады. Көпшілік олардың образын әзілге айналдырып, түрлі пікір қалдырған.
«Папасы мен мамасы ұйқыдан тұрып келе жатқан жоқ па?», «Үйден шыға сала сахнаға шыққандай ғой» деп әзілдеген желі қолданушылары.
Айта кетейік, Қайрат Нұртас концерттерінде отбасы мүшелерін сахнаға шығарып, көрерменге таныстырып жүр. Бұған дейін де әншінің ата-анасы, жұбайы және балалары оның концерттік бағдарламаларына қатысқан.