28.08.2026, 15:40

«Үшінші кездесуде үйленейік дедік»: Сая Оразғалиева жаңа сүйіктісі жайлы айтты

Фото: Видеодан скрин

"Менен  жас кіші". 

Танымал блогер әрі актриса Сая Оразғалиева «Мамский әңгіме» подкастының қонағы болып, жеке өміріне қатысты күтпеген жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі қазіргі таңда көңіл қосып жүрген Рүстем есімді азаматпен Instagram арқылы танысқанын айтты. Оның сөзінше, жігіт алғашында әлеуметтік желіде достарының парақшаларынан жиі көзге түскен.

«Рүстем менің достарымның парақшаларынан үнемі шығып қала беретін. Бір күні парақшасына кіріп, қарап шықтым. Әдемі екен. Байқамай жазылып кеттім. Содан кейін ол да маған жазылды. Осылайша Instagram арқылы араласа бастадық», – деді Сая.

Актрисаның айтуынша, жаңа сүйіктісі қарым-қатынастың алғашқы кезеңінен-ақ оған ерекше көңіл бөлген. Мәселен, 14 ақпан күні гүл жіберіп, оны спортзалға және дәрігерге жаздырып, қызмет ақысын өзі төлеген.

Сая Оразғалиева Рүстемнің өзінен алты жас кіші екенін де жасырмады. Екеуі көп сөйлесіп, бір-біріне өткен өмірлері жайлы ашық айтып берген.

«Ол – ашық адам. Бәрін ашық айтады. Бірден бір-бірімізге өмірбаянымызды айтып бердік. Ол бұрын некеде болған, бір қызы бар», – деді блогер.

Қызығы, жұп қарым-қатынастың болашағын да ерте талқылаған. Саяның сөзінше, «Үйленесің бе?» деген сауал үшінші кездесудің өзінде көтерілген.