$ 464.77  541.36  5.41

«Мен сізді мойындаймын!»: Роза Рымбаева Заттыбекті жер-көкке сыйғызбай мақтады (ВИДЕО)

"Қазақтың дәстүрін алып келе жатсыз ғой". 

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал әнші Роза Рымбаева Заттыбек Көпбосыновқа жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесінің айтуынша той әндерін алғаш болып қазақы дәстүрді сақтай отырып шығарған - Заттыбек.

"Қазақтың дәстүрін алып келе жатсыз ғой. Сізден кейін ғана кетті тойдың әндері. Сізден кейін Құдай салмасын түрік, румын, индия әндерін қазақша жазып алып, қазақтың әні деп жүр. Заттыбектікі-қазақы музыка, қазақы тойдың музыкасы. Сіздің орындауыңызда дәстүріңіз бар. Сіз енді ақын-жыраусыз ғой. Таза эстрада емес, халыққа жақын дәстүр бар. Қазақы бояуды жоғалтпай той әндерін жасадыңыз. Аранжировкасын да керемет жасағансыз. Мен оны мойындаймын. дәстүрді қосқан әншілерді қатты құрметтеймін", - деді ол.  

Заттыбек өз кезегінде Роза Қуанышқызына алғысын білдірді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0