$ 464.77  541.36  5.41

«Рахмет, көкетайым»: Димаш Құдайберген қарындасына сахнада тосынсый жасады (ВИДЕО)

29 тамызда Қарағандыда Кеншілер күніне арналған ауқымды концерт өтіп, кештің хедлайнері Димаш Құдайберген болды.

Колаж: Sn.kz
Колаж: Sn.kz

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Қарағандыдағы концертінде қарындасы Раушан Құдайбергенді туған күнімен ерекше құттықтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

29 тамызда Қарағандыда Кеншілер күніне арналған ауқымды концерт өтіп, кештің хедлайнері Димаш Құдайберген болды.

Концерт барысында өнер иесі қарындасы Раушанды сахнаға шақырып, туған күнімен көпшіліктің алдында құттықтап, тосынсый жасады. Әлеуметтік желіде тараған кадрларда ағалы-қарындасты екеуінің құшақтасқан әсерлі сәтін көруге болады.

Раушан Құдайберген де концерттен үзінді жариялап, ағасына алғысын білдірді.

«Туған күніммен құттықтап, сахнаға шығарды… Рахмет, көкетайым. Сені жақсы көреміз… Қатты-қатты, тек қана аман жүр!» – деп жазды Раушан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0