31.08.2026, 05:30

«Сенің туғаның міндет емес»: «Алтын алқа» иегері атанған актердің әйелі көпшіліктен сөз естіп қалды (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Актер әрі әзілкеш Ғалым Махамбетов жұбайымен бірге көпбалалы ата-ана атанып, «Алтын алқа» иегері болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің бұл жаңалығына желі қолданушылары да назар аударып, бірқатары әзілмен пікір білдірсе, енді бірі көпбалалы отбасыға қатысты өз көзқарасын жеткізді.

«Болды, тоқтатыңдар!», «Ардагер болдыңдар» деген әзіл аралас пікірлер жазылды.

Сонымен қатар кейбір оқырман ерлі-зайыптыларға бала санына қатысты пікір айтудың орынсыз екенін ескертіп, бұл мәселеге түсіністікпен қарауға шақырды.

«Келінжан, қанағат керек. Сенің туғаның міндет емес. Бәрі Алланың қолында. Бергісі келсе береді, бермесе тартып ала алмайсың. Аллаға шүкір етіңдер, күпірлік жасамай, бардың қадірін біліңдер», – деп жазды желі қолданушысының бірі.

Тағы бір оқырман көпшілік алдында жүрген азамат ретінде Ғалым Махамбетовтің отбасылық тақырыптарға қатысты сөздеріне абай болғаны жөн екенін айтып, сын білдірді.

«Алладан қорқып сөйлеңдер. Ауызға келген сөзді айта беруге болмайды. Елдің алдында жүрген азаматсыңдар, әр сөзіңе мән берген дұрыс», – деген пікір қалдырды оқырман.

Желіде бұдан бөлек, көпбалалы отбасы болу мен «Алтын алқа» алудың қаржылық пайдасына қатысты пікір білдіргендер де болды. Кейбірі ерлі-зайыптыларды балалы болуды материалдық себеппен байланыстырмауға шақырса, енді бірі отбасыдағы бала саны әркімнің жеке шешімі екенін атап өтті.

Осылайша, Ғалым Махамбетовтің «Алтын алқа» иегері атануы желіде әзіл мен сын қатар өрбіген қызу талқыға түсті.