Танымал әнші Нұрлан Абдулиннің қызы Динара әлеуметтік желідегі оқырмандарын әсерлі жазбасымен сүйсіндірді,деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Желіде тараған танымал «Бай екеніңді сөзсіз көрсет» трендіне үн қосқан ол өзінің ең басты байлығы отбасы екенін жеткізді. Жарияланған видеода бойжеткен ақ көйлекте бой көрсетіп, ата-анасы мен жақындарына деген ыстық ықыласын білдірген.
«Ата-анам. Менің отбасым. Менің ең үлкен байлығым. Ең бағалының бәрі — жанымда. Осы үшін күн сайын алғыс айтамын», — деп жазды Динара өзінің Instagram парақшасында.
Алматы қаласында түсірілген бұл әсерлі видео желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленіп, көпшіліктің жүрегін елжіретті. Оқырмандар отбасылық құндылықты жоғары қойған бойжеткенге ақ тілектерін жаудыруда.