01.09.2026, 03:30

«Несі әдемі?!»: Роза Әшірбаева мен Әбілмансұр Серіковтің дауы қайта талқыланды (ВИДЕО)

коллаж: Sn.kz

Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында актермен мәселені талқылап, ортақ түсіністікке келгендерін жазды.

Танымал актер Әбілмансұр Серіков пен блогер Роза Әшірбаева бірнеше жыл бұрын көпшілік талқысына түскен хит әннің мәтініне қатысты пікір білдіріп, өзара түсініскендерін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әңгімеге себеп болған әннің мәтінінде: «Сенің күліп тұрып жылағаның әдемі, жылап тұрып кешірім сұрағаның әдемі» деген жолдар бар.

Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында актермен мәселені талқылап, ортақ түсіністікке келгендерін жазды.

«Болды, талқылап түсіністік. Мәтін тек ұйқасқаны үшін солай жазылған», – деп жазды Роза Әшірбаева.

Алайда желі қолданушылары әндегі аталған жолдарға қатысты түрлі пікір білдіріп, блогердің әрекетін қолдады.

«Роза ханым, енді бүкіл әнші әннің сөзіне мән беретін болды», «Біз бұны күттік», «Әділетке неге осылай түсіністік танытпадыңыздар?», «Сол ұйқастар жүйкеме тиді», «Несі әдемі, көзіңнен сораң ағып кешірім сұрағанның?», «Сізден құтылу үшін айта салды-ау», «Басқа да ұйқастар бар ғой», «Нарцистер айтатын әңгіме», «Манс ред флаг екені белгілі ғой», – деп жазды көпшілік.