01.09.2026, 16:00

«Жүрегім толқып тұр»: Жазира Байырбекова сүйінші жаңалықпен бөлісті (ВИДЕО)

коллаж: Sn.kz

Бұл туралы өнер иесі парақшасында айтты. 

Қазақ эстрадасының жұлдызы Жазира Байырбекова қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі қызы Дараның алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпқа барғанын айтып, жүрекжарды тілегін арнады.

«Бүгін мен үшін ерекше, жүрекке толқыныс сыйлаған күн… Даратайым алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпқа қадам басты. Кеше ғана балабақшаға қолынан жетектеп апарған кішкентай балапаным, бүгін білім атты үлкен әлемнің есігін ашып тұр. Қадамың құтты болсын, құлыным! Білім жолың ашық, болашағың жарқын болсын! Әрдайым жүзіңнен күлкі, жүрегіңнен мейірім, бойыңнан әдеп пен тәрбиені жоғалтпағайсың. Алғашқы қоңырауың құтты болсын, Даратайым! Мектеп табалдырығын нық басып, білімнің биік шыңдарын бағындыра бер, балапаным!» – деді өнер иесі.

Желі қолданушылары да Дараға ақ тілектерін жаудырып, мектептегі алғашқы қадамына сәттілік тіледі.