Өнер иесі фотосессия барысында аққу мен жыланның қасында отырып түскен кадрларын бөлісті.
Танымал әнші Айдана Меденова әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше образдағы суреттерін жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі фотосессия барысында аққу мен жыланның қасында отырып түскен кадрларын бөлісті. Сонымен қатар жазбасында адамның бойындағы жарық пен көлеңке, қоршаған орта мен қарым-қатынастың адам мінезіне әсері туралы ой қозғады.
«Әр адамның бойында жарық та, көлеңке де бар. Біз әртүрлі жағдайда әр қырымызды көрсетеміз. Бұл көбіне алдымыздан қандай қарым-қатынас шыққанына байланысты. Жылу бар жерде – жылу пайда болады. Сенім бар жерде – ашықтық туады. Құрмет бар жерде – құрметпен жауап бергің келеді. Ал суықтық, ауырлық пен қатігездікке тап болған адам өзін қорғауды үйренеді. Біз көбіне адамдарды жай ғана “танып жатырмыз” деп ойлаймыз. Бірақ кейде олардың бойынан өзіміздің оларға деген қарым-қатынасымыздың көрінісін көреміз. Сондықтан адам сізге көрсеткен қыры үшін оны сынамас бұрын, бір сәт ойланып көрген жөн: “Оның бойында дәл осы қырдың ашылуына менің қандай қарым-қатынасым себеп болды?”» – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары Айдананың жаңа образына оң бағасын беріп, ерекше фотосессиясына тәнті болғанын жазды.
«Керемет», «Бұл неткен сұлулық», «Бір қарағанда аяғы ауыр деп ойладым», «Бірінші суретте аяғыңыз ауыр ма?», «Таңқаларлық», «Өзгеше образ, жыланмен» – деді көпшілік.