Өнер иесі кештің жай концерт емес, көрермендермен бірге өткен 20 жылдың естелігі болатынын айтты.
Әнші Қайрат Нұртас шығармашылық жолындағы 20 жылдығына арналған шоу-концертін Алматыда да өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі кештің жай концерт емес, көрермендермен бірге өткен 20 жылдың естелігі болатынын айтты.
«Сіздерге бір маңызды жаңалығым бар. 20 жылдық шоу-концертімді Алматыда өткіземін деп шештім. Себебі бұл – басқа шоу. Ерекше сахна, жаңа бағдарлама. Бұл кешті алматылықтар да көру керек деп ойлаймын. Мұны жай ғана концерт деп айту аздық етеді. Себебі бұл – сіздермен бірге өткізген 20 жыл. Естелік, сол хиттер, ерекше сәттер», – деді әнші.