02.09.2026, 12:20

«Тұмсығын көтеріп кетті»: Актер Алмат Сақатов қызметке масайғандарға шүйлікті (ВИДЕО)

коллаж: Sn.kz

Оқырмандар да актердің бұл сөзіне қолдау білдірді. 

Танымал актер Алмат Сақатов жақсы қызметке ие болған адамның өзгеруі мен қарапайымдылық туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында айтып, жоғары қызмет адамның мінезіне әсер етпеуі керегін жеткізді.

«Бір бауырым жазады: “Менің бір досым бар еді, қызметке орналасқаннан кейін тұмсығын көтеріп кетті. Бұрын ондай емес еді, тәкаппар емес еді” дейді. Бауырым, ол текпен келетін нәрсе. Қазақта жақсы сөз бар ғой: “Ұлық болсаң, кішік бол”, “Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл”. Өмірде адамды жағдайы өзгертіп тұрады. Ондай дос менде де бар. Оған: “Ей, досым, сен аяғыңмен басып жүрген шөп бір күні қабіріңнің үстінен шығады. Жерге түс” деп айт. Қарапайымдылық әр қазаққа жарасқан», – деді Алмат Сақатов.

Оқырмандар да актердің бұл сөзіне қолдау білдірді.