02.09.2026, 13:00

«Миларын уламаңдаршы!»: Мөлдір Анарбаеваның дін туралы сөзі талқыға түсті (ВИДЕО)

коллаж: Sn.kz

Бұл туралы журналист әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Блогер Мөлдір Анарбаева түрлі діни ағымдардан жастарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы журналист әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол жастардың санасына кері әсер ететін топтардан аулақ болу керектігін айтып, елге білімді әрі еңбекқор жастар қажет екенін жеткізді.

«Жастарға зиян келтірмеңдерші! Жасына жетпей миларын уламаңдаршы! Елге пайдалы болатын талай жігіт пен қызды онсыз да сүйреп кететіндер көп. Елге жалындаған жастар керек! Көбі шын Құдайды ұмытқан. Балаларға жарқын болашақ тілеймін! Түрлі санасыз топтардан, адам бұзғыштардан, жолдан тайдыратын бұзықтардан аулақ болсын!» – деді Мөлдір Анарбаева.

Блогердің жазбасына желі қолданушылары да пікір білдірді. Олардың арасында оны қолдағандар да, дін тақырыбын діндар адамдар айтуы керек деген пікір білдіргендер де болды.

«Дінді қолжаулық қылып, діннің артына тығылып, ойына келгенін жасап жүргендер көп», «Дұрыс айтасыз, бізді ата-анамыз кезінде солай үйреткен», «Дін туралы діндар айтсын», «Дін туралы өте дұрыс айттыңыз», «Әзілдеп келіп, дәл шындықты айтасыз», - деді олар.