"Зейіндері ашылсын деп тілейміз!"
Белгілі әнші Қарақат Әбілдина 1 қыркүйек – Білім күніне орай әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығын жариялады. Өнер иесінің қызы Айзада биыл алғаш рет мектепке барды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әншінің айтуынша, үлкен қызы Аяла биыл төртінші сыныпқа көшкен. Ал Айзада үшін биылғы оқу жылы ерекше басталып, ол алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған.
«Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылын бастауыш сыныпқа арналған жаңа мектепте бастап жатырмыз. Аяла 4-сыныпқа көшті. Айзадамыз мектеп табалдырығын аттады. Осы орайда барша білімге қадам басқан құлыншақтардың зейіндері ашылсын деп тілейміз!» – деп жазды Қарақат Әбілдина.
Сонымен қатар әнші Астананың сол жағалауында тағы бір жаңа мектеп оқушыларға есігін ашқанын айтып, бұл жаңалыққа да қуанышын білдірді.