03.09.2026, 12:00

«Мен бәрін көріп отырмын!»: Құрылтайға өтпей қалған Аша Матай мәлімдеме жасады

Фото: Instagram/asha_matai

"Ел игілігіне қызмет етеді деп сенім білдіріп, үміт артамын".

Танымал тележүргізуші әрі әнші сайлаудағы жеңілістен кейін алғаш рет ел алдына шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ол Құрылтай депутаттарының сайлаудан кейін ант қабылдауына байланысты жаңадан сайланған халық қалаулыларына ақ тілегін білдірді.

Тележүргізуші барлық жаңадан сайланған депутаттарды құттықтап, олардың ел игілігі үшін қызмет ететініне сенім білдірді.

«Құрметті халайық, сайлау науқаны өтті. Халық сайлаған Құрылтай депутаттары анықталып, ант қабылдады. Мен бәрін көріп отырмын. Жаңадан сайланған депутаттарды құттықтаймын, жұмыстарына сәттілік тілеймін. Ел игілігіне қызмет етеді деп сенім білдіріп, үміт артамын. Берген анттарыңызға берік болыңыздар! Ақ жол сіздерге!» – деді ол.