$ 455.4  526.99  5.25

«Ерекше оқиғам бар»: Димаш Тоқаевтың сыйы жайлы сырын ашты (ФОТО)

Өнер иесі алғашқы суретте көпшілікке таныс Ақжан есімді тұлпардың әкесімен бірге серуендеген сәтін көрсетті.

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Әлемге танымал әнші, Қазақстан мен Қырғызстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тазыларымен және тұлпарымен түскен ерекше кадрларды жариялады,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі алғашқы суретте көпшілікке таныс Ақжан есімді тұлпардың әкесімен бірге серуендеген сәтін көрсетті. Ал екінші фотода Президенттің Нэнси және Наурыз атты тазылары бейнеленген.

Димаш Құдайберген бұған қоса Президенттің өзіне тазы сыйлағанын айтып, оған «Ғарышкер» деген ат қойғанын жеткізді.

«Бірінші суретте – бәріміз жақсы көретін тұлпар Ақжанның әкесімен бірге түскен сәтім. Мемлекет басшысының тұлпарымен серуендеп қайту мен үшін үлкен мәртебе болды. Ал екінші суретте менің қасымда мемлекет басшысының Нэнси және Наурыз атты тазылары. Менің тазымен ерекше оқиғам бар. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы маған тазы сыйлаған болатын. Мен оған Ғарышкер деп ат қойдым», – деп жазды әнші.

Сондай-ақ Димаш ерекше кадрларды түсіріп, бөлісуге мүмкіндік берген Президент Телерадиокешеніне алғысын білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0