04.09.2026, 01:30

«Түрінен түр қалмапты»: Ерболат Құдайбергеннің қазіргі жағдайы көпті алаңдатты

Фото: видео скриншот

Көпшілікке рухты әндерімен танымал әнші Ерболат Құдайбергеннің жүдеп кеткен видеосы тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі көптен бері көрінбей кеткен. Ол арнайы ән жазатын студияға келген. Алайда көпшілік оның қазіргі түріне алаңдаушылық білдіріп, пікір қалдырды.

«Қартайып кетіпті», «Түрі не болып кеткен», «Саған жаман заттарды қою керек қой», «Қандай зіңгіттей жігіт еді», «Емделмесе қыстан аман шықпайын деп тұр ғой», «Жаман жолға түсіп адасты ғой әбден», «Түрінен түр қалмапты», — деп жазды оқырмандар.

Еске салайық, бұған дейін Ерболат арнайы емдеу орталығына жатқызылған еді. Ол елге еңбегі сіңген әнші Айткүл мен Қанат Құдайбергеновтердің ұлы.