$ 455.4  526.99  5.25

«Ағасының қырқы өтпей жатып тойлап..»: Гүлзира Айдарбекова қоныс той жасаймын деп сынға қалды (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсер Гүлзира Айдарбекова жаңа баспанаға қоныстанып, қоныс тойын атап өтті. Қуанышты сәттен видео жариялаған өнер иесінің бұл жаңалығына көпшілік жылы тілектерін білдіргенімен, кейбір оқырмандары продюсерді сынға алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Гүлзира Айдарбекова жаңа үйіне қоныстанғанын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Жарияланған видеодан қоныс тойға дайындық барысын, жаңа баспананың ішкі көрінісін және жақындарының қуанышқа ортақтасқанын көруге болады.

Продюсердің қуанышты жаңалығына өнердегі әріптестері мен оқырмандары құттықтауын жаудырып, жаңа қоныстың берекелі болуын тіледі.

Алайда жазба астында Гүлзира Айдарбекованың отбасындағы қайғылы жағдайды еске салған пікірлер де пайда болды. Жақында продюсердің ағасы қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған еді. Осыған байланысты кейбір оқырмандар қоныс той туралы жарияланымды уақыт жағынан орынсыз деп санаған.

«Ағасының қырқы өтпей жатып қоныс тойын жасап жатыр» деген мазмұндағы пікірлер жазылып, желі қолданушылары продюсердің қайғыдан кейінгі қуанышын жария бөлісуіне қатысты өз көзқарасын білдірді.

«Кеше ғана бауырыңның ауыр халін айтып, уайымдап, бейнесін салып едің. Алла иманын саламат етсін, жатқан жері жайлы болсын. Қоныс тойларың құтты болсын, әрине. Бірақ бауырыңның қырқын өткізген соң жарияласаңшы. Қазір қазаның қайғысы басылмай тұрған кез ғой», – деп жазған оқырмандардың бірі.

Сонымен қатар кейбір желі қолданушылары Гүлзира Айдарбекованың жеке өміріне қатысты шешімін түсіністікпен қабылдап, қуанышын бөлісуге әр адамның құқығы бар екенін атап өтті. Олар жаңа баспананың құтты болуын тілеп, отбасыға амандық пен береке тіледі.

Жалпы, жарияланым астындағы пікірлер екіге бөлінді. Бір тарап продюсердің отбасындағы қаралы жағдайды ескеріп, қоныс тойды жариялауды кейінге қалдырғаны жөн еді деп есептесе, енді бірі қайғы мен қуаныштың қатар жүруі өмірде кездесетін қалыпты жағдай екенін жазды.

Гүлзира Айдарбекова әзірге жазбасына қатысты айтылған сын-пікірлерге жауап берген жоқ.

Желі қолданушыларының пікірі әртүрлі болғанымен, жаңа баспанаға қоныстанған продюсерге көптеген оқырманы ақжолтай тілегін білдіріп, «қоныс құтты болсын» деп жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0