04.09.2026, 10:20

«Айып етпеңіздер…»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлдары туралы айтып жылады (ВИДЕО)

коллаж: Sn.kz

Тележүргізуші ұлы Сағадаттың мектеп бітірген кезде өзіне жазған хатын оқырмандарына оқып берді.

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі видео жариялап, көзіне жас алды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тележүргізуші ұлы Сағадаттың мектеп бітірген кезде өзіне жазған хатын оқырмандарына оқып берді.

«Айып етпеңіздер… Кейін архивке салармын. Көп сөзге, артық іске жоқ ұлдарымның мектеп бітіргенде жазғаны. Бұл – Сағадаттың хаты. Бірінші бөлім. Сардардың хатын жариялауды әлі ойлап жүрмін. Рас, екеуі де әкелері өмірден өткеннен кейін бірден есейді. Қазір өздерінше маған қорған, қамқор болып жүр. Құдайдан тілерім бір-ақ нәрсе – тіл-көзден аман, дендері сау болсын», – деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Желі қолданушылары жүргізушіге жылы лебіздерін білдіріп, сабырлыққа шақырды.