05.09.2026, 01:30

«Осы қылығы үшін таңдаған»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)

коллаж: Sn.kz

Желі қолданушылары оның пысықтығы мен қарапайымдылығына сүйсініп, түрлі пікір қалдырды. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші жары Айман Талғатқызы әлеуметтік желіде жаңа видеосымен көпшіліктің назарын аударды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол қыстың қамын жасап, ас әзірлеп, қысқа дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқан сәтін көрсетті.

«Жанымның көзімен. Қыстың қамы деп…» – деп жазды Айман Талғатқызы.

Желі қолданушылары оның пысықтығы мен қарапайымдылығына сүйсініп, түрлі пікір қалдырды. Кейбірі Айманды Тұрсынбек Қабатовтың дәл осы қасиеттері үшін таңдағанын жазса, енді бірі оның үнемі көңілді жүретінін атап өтті.

«Қалай әдемі болып банка жабасыз?», «Пысықсыз», «Ұнайды осы келіншек», «Айман барлығының жүрегін жаулап алды», «Міне, осы қылығы үшін Тұрсынбек таңдаған», «Үнемі күліп жүреді», «Тұрсынбек қыстай тоятын болды», «Қарапайым өзі», «Аяғыңыз ауыр ма?» – деп жазды оқырмандар.