Желі қолданушылары видеоны көріп, жас келіннің сұлулығына тәнті болды.
Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан ұлы Даниал мен келіні Айнұрдың үлкен тойын атап өтіп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Журналист қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, келіні мен құдасының әсерлі сәтін көрсететін видеоны жариялады.
«Ең әсерлі сәт», – деп жазды Динара Сәтжан.
Желі қолданушылары видеоны көріп, жас келіннің сұлулығына тәнті болды. Көпшілік жас жұбайларға ақ тілегін айтып, Динара Сәтжанның келініне ерекше құрмет көрсетіп жүргенін атап өтті.
«Әр қыздың арманы – осы сәт», «Бақыт тілеймін», «Көріп, көзіме жас келді», «Ертегідегідей», «Келін әкесіне ұқсайды екен», «Динара, молодец, келінінің жағдайын жасап жүр», «Көйлегі керемет екен, ашық-шашық емес», «Текті жердің қызы деп осыны айтады», – деп жазды оқырмандар.