$ 456.56  530.52  5.28

«Неге шаңырақ емес?»: Динара Сәтжанның ұлының тойындағы торт қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Ерекше тәтті Эйфель мұнарасы пішінінде безендірілген.

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның ұлы Даниалдың тойындағы ерекше торт әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Жүргізуші Instagram парақшасында жас жұбайларға ақ тілегін білдіріп, мерекелік дастархандағы алып торттың суретін бөлісті. Ерекше тәтті Эйфель мұнарасы пішінінде безендірілген.

«Даниал мен Айнураның өмірі Эйфель мұнарасы бейнесінде жасалған той тортындай әдемі, нәзік әрі тәтті болсын. Алда жас жұбайларды әлі талай жаңа қалалар, саяхаттар, бақытты сәттер мен өмір бойы есте сақтағысы келетін ерекше естеліктер күтіп тұрсын. Ал махаббаттары жыл өткен сайын одан сайын тәтті бола берсін», – деп жазды ол.

Жазбаға пікір білдірген желі қолданушылары торттың ерекше дизайнына назар аударып, жас жұбайларға арналған тойдың өзгеше өткенін атап өтті.

«Басқаша торт, басқаша той», «Керемет торт», «Таңғалдырудан шаршамайсыз», «Неге шаңырақ емес?» деген пікірлер жазылды.

Сондай-ақ кейбір оқырман Даниалдың әкесі туралы сұрақ қойып, оның тойда болған-болмағанын сұраған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0