Бұл туралы актер әлеуметтік желідегі парақшасында айтып, қуанышын бөлісті.
Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген өнердегі інісі, актер Кеменгер Оралға көлік сыйлады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы актер әлеуметтік желідегі парақшасында айтып, қуанышын бөлісті.
Кеменгер Оралдың айтуынша, сыйлық туған күні мен премьерасы қатар келген ерекше күнде жасалған. Актер үшін ағасының тосынсыйы мерекенің ең есте қаларлық сәтіне айналған.
«Кеше мен үшін ерекше күн болды. Туған күнім, премьераның қуанышы... Ал сол күннің ең үлкен тосынсыйы – ағамның маған сыйлаған көлігі», – деп жазды Кеменгер Орал.