$ 456.56  530.52  5.28

«Орамалы жоқ қандай келін?»: Динара Сәтжанның келіні желіде сынға қалды (ВИДЕО)

Той барысында жас келіннің қонақтарға шай құйған сәті көпшіліктің назарын аударды.

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Тележүргізуші Динара Сәтжан ұлын үйлендіріп, келін түсірді,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Той барысында жас келіннің қонақтарға шай құйған сәті көпшіліктің назарын аударды. Әлеуметтік желі қолданушылары оның орамал тақпай шай құйғанына және сәлем салу рәсіміне қатысты пікір білдірді.

Кейбір оқырман қазіргі заманда да салт-дәстүрді сақтаудың маңызы зор екенін айтып, жас келіннің киіміне қатысты сын айтты.

«Орамалы жоқ қандай келін?», «Шашын жалбыратып сәлем салғаны несі?», «Ақ орамал тағып құймай ма?», «Шайды да сол қолымен беріп жүр», «Басында ақ жаулығы жоқ қандай сәлем?», «Салт-дәстүрді ұстандың ба, ендеше дәстүрден ауытқымай жасау керек», – деп жазды желі қолданушылары.

Сонымен қатар кейбір оқырмандар үлкендердің жас келінге дәстүрге қатысты жөн сілтеуі керек екенін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0